Алдағы күндері тағы бір фронттық белсенділік толқыны республика аумағына әсер етпек, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Синоптиктердің мәліметінше, фронттардың өтуіне байланысты елдің көптеген өңірінде нөсер жауын жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Ауа температурасы біртіндеп төмендеп, бірнеше күннен бері жалғасып келген аптап ыстықтың беті қайтады.
Атап айтқанда:
Елдің көп бөлігінде ауа температурасы +20…+28°C шамасында болады;
Солтүстік өңірлерде +15…+23°C дейін төмендейді;
Оңтүстік аймақтарда күн жылы болып сақталады – +25…+33°C.
Мамандар жаңбырлы және желді күндерде қауіпсіздік шараларын ұстануға кеңес береді. Ашық аспан астында ұзақ болмауға, күн күркіреген сәтте ағаш астына жасырынбауға, жолда абай болуға шақырады.
Ұқсас жаңалықтар
Еліміз ЕАЭО аясында агроөнеркәсіп кешенін жаңғыртуды күшейтуде
- авторМағжан Орынбасар
- 30 наурыз, 2026
Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады
- авторМағжан Орынбасар
- 30 наурыз, 2026






