бейсенбі, 8 қаңтар, 2026 4:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бұрқасын, көктайғақ, қатты жел: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бұрқасын, көктайғақ, қатты жел: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Pixabay.com
6 қаңтарда Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жел, бұрқасын және көктайғақ күтіледі.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, еліміздің бірнеше өңірде дауылды жел соғып, қар мен бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа жетеді. Кей аудандарда жел екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейіп, солтүстік өңірлерде кей уақыттарда 30 м/с-тен асады.

Петропавл қаласында қар жауып, бұрқасын болады, жолдарда көктайғақ қалыптасады.

Астанада қар, бұрқасын және күндіз көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні кей сәттерде 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында түнде қар мен бұрқасын болжанады. Бірқатар аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Орал қаласында да тұман мен тайғақ жол сақталады.

Атырау және Маңғыстау облыстарында тұман мен көктайғақ күтіледі. Атырау облысының шығысында түнгі уақытта жел күшейеді.

Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қар, бұрқасын және көктайғақ болжанып отыр. Желдің екпіні кей жерлерде 25–28 м/с-қа дейін жетеді. Семей, Өскемен және Павлодар қалаларында жол қозғалысына қауіп төнуі мүмкін.

Ақтөбе облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Жел екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде қар мен бұрқасын байқалады, ал орталық және шығыс бөліктерінде тұман түседі.

Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында негізінен тұман мен көктайғақ болжанған. Таулы аудандарда жел күшейіп, көріну қашықтығы төмендеуі мүмкін. Алматы, Қонаев, Тараз, Шымкент және Түркістан қалаларында түнгі және таңғы уақытта тұман сақталады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар