сәрсенбі, 7 қаңтар, 2026 21:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында жастармен дөңгелек үстел отырысы өтті

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында жастармен дөңгелек үстел отырысы өтті
Фото - ашық дереккөз
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу

Жуалы ауданының орталық Coworking залында аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция инспекторы Д.Байдалиевтің қатысуымен «Қылмыссыз өмір – әрбір азаматтың таңдауы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, қылмысқа итермелейтін факторларды түсіндіру, заңға деген құрметті арттыру және жастардың құқықтық сауаттылығын көтеру болды.
Кездесу барысында инспектор Д.Байдалиев жасөспірімдер мен жастар арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлеріне тоқталып, олардың салдары мен жауапкершілігі туралы нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алуда отбасы тәрбиесінің, қоршаған ортаның және жеке жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.
«Әрбір жас өз әрекетінің салдарын түсінуі тиіс. Қылмыс – көбінесе немқұрайлылық пен жауапсыздықтан туындайды. Заңды білу – жазадан қорқу үшін емес, өз болашағыңды қорғау үшін қажет»,-деді Д. Байдалиев.
Шара барысында жастар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, олар нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Әсіресе интернеттегі құқықбұзушылық, буллинг, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі сияқты тақырыптар кеңінен талқыланды.
Кездесу соңында қатысушылар мұндай түсіндіру шараларының маңыздылығын атап өтіп, құқықтық білімдерін арттыруға бағытталған жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасын табуына ұсыныс білдірді.
Аталған іс-шара жастарды заңға бағынуға, саналы таңдау жасауға және қоғамда жауапты азамат ретінде қалыптасуға бағытталған маңызды қадам болды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар