Елімізде
Халықаралық "Астана" форумы демеушілер есебінен өтеді – Жұманғарин
- авторБақытжан Бекболат
- 10 сәуір, 2025
- 633
Биылғы жылы Халықаралық "Астана" форумы тек демеушілердің қаражаты есебінен ұйымдастырылады.
Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Мәжілістің пленарлық отырысынан кейінгі брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, бұған дейін форумды өткізу үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінген болатын, алайда биыл тиісті қаулы жойылды. Форумды ұйымдастыруға арналған барлық шығындар демеушілік жарналармен жабылатын болады, ал бюджеттен қаражат бөлінбейді.
2024 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев форумды өткізбеу туралы шешім қабылдаған болатын, себебі қаржылық ресурстарды су тасқынынан туындаған зардаптарды жоюға жұмсау қажеттілігі туындады.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
16 желтоқсан күні халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Елімізде
Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025






