сейсенбі, 16 сәуір, 2024 11:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Қазақ жігіті Эйфель мұнарасында қызына ұсыныс жасап, Франция президентінің көзіне түсті

Қазақ жігіті Эйфель мұнарасында қызына ұсыныс жасап, Франция президентінің көзіне түсті
Сурет Санжар Тайжанның жеке парақшасынан алынды
Ұсыныс жасаған жігіт Қазақстандағы танымал қоғам белсендісі, экономист Мұхтар Тайжанның ұлы

Танымал қоғам белсендісі, экономист Мұхтар Тайжанның ұлы Санжар Тайжан Эйфель мұнарасында болашақ жарына ұсыныс жасап, Франция президенті Эммануэль Макронның құттықтауына ие болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Мен сүйікті қызыма үйленуге ұсыныс жасадым. Франция Президенті – Э.Макрон бірнеше сағаттан кейін бізді құттықтады», - деп жазды Санжар Тайжан әлеуметтік желідегі парақшасына.

Бейнежазбада көрініп тұрғандай, Санжар Тайжан мен оның қалыңдығы Макронды көргендеріне қатты қуанған. Бойжеткен Макронға Санжар Тайжан сыйлаған жүзікті көрсетіп, бақытты екендерін білдірді.

Екі жасты құттықтаған Франция президенті екі жастың қай елден екендерін сұрап, "Қазақстан", "Президент Тоқаев" деген сөздерді естіген соң, қазақ елін бірден есіне алды. Макрон қазақ елін жақсы білетінін, Қазақстанға сапарлатқанын және жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлаған тазы күшіктерін есіне алады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар