жексенбі, 24 қараша, 2024 18:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Енді 1975 жылдан кейін туған қазақстандықтарға жаңа төлем төленеді

Енді 1975 жылдан кейін туған қазақстандықтарға жаңа төлем төленеді
Фото - ашық дереккөз
Оны БЖЗҚ салымшылары өмір бойы ала алады

Елімізде жаңа зейнетақы жинақтары есебінен төленетін төлемді анықтайтын қағидалар күшіне енді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
 Inbusiness.kz жазуынша, бұл жаңа төлем – "жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары" (ЖМЗЖ) деп аталады және оны жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне биылғы 2024 жылдың 1 қаңтарынан аталған қорға аудара бастады. Кейін сол қызметкерлер зейнеткерлікке шыққанда осы жарналардан оған зейнетақысына қоса, өмір бойғы төлем де төленеді.
Жаңа қағидаларға сәйкес, енді әрбір жұмыс беруші БЖЗҚ-ға қызметкердің табысынан ұсталатын міндетті 10%-дық жарналардан бөлек, өз қаражаты есебінен қосымша жарна аударуға міндетті. Яғни, жарналарды төлеу ұйым-компанияның өз қаражатынан жүзеге асырылады, бірақ олардың мөлшері қызметкердің табысына қарай есептеледі. ЖМЖЗ кезең-кезеңмен ұлғайтылады:
•      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – жалақының 1,5%-ы;
•      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5%;
•      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3,5%;
•      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 4,5%;
•      2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5%.
Бұл ретте ЖМЗЖ тек 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туылған жұмыскерлерге ғана аударылады. Мұнда қызметкердің ай сайынғы табысы ең төменгі жалақы мөлшерінен (2024 жылы – 85 мың теңгеден) төмен болмауға тиіс.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар