жұма, 18 сәуір, 2025 5:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында көкпар мен теңге ілуден жастар чемпионаты өтті

Жамбыл облысында көкпар мен теңге ілуден жастар чемпионаты өтті
Фото: Jambylinfo.kz
Аталған сайыс 2005–2008 жылы туған жастар арасында ұйымдастырылды

Жамбыл ауданындағы Бектөбе ауылы маңындағы атшабарда көкпар мен теңге ілуден жастар арасындағы Жамбыл облысы чемпионаты өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жарыстың басты мақсаты – ата-баба мұрасын жалғастырушы жастарды қолдау, көкпар мен теңге ілу сынды ұлттық ойындарды кеңінен насихаттау, әрі облыс намысын республикалық деңгейде қорғайтын үздіктерді іріктеу.

Чемпионатқа Жамбыл облысының әр ауданынан және Тараз қаласынан келген командалар қатысты. Көкпар додасы жігіттердің күш-жігерін, ептілігі мен командалық рухын сынаса, теңге ілу сайысы – ат үстіндегі шапшаңдық пен дәлдікті талап ететін көрермен қызыға тамашалайтын ұлттық спорттың бірі ретінде бағаланды.

Көкпардан жарыс нәтижесі келесідей:

І орын – Шу ауданы

ІІ орын – Талас ауданы

ІІІ орын – Жуалы ауданы

IV орын – Т. Рысқұлов ауданы

 

Теңге ілуден жеңімпаздар тізімі:

І орын – Сейітжаппар Ермек (Т. Рысқұлов ауданы)

ІІ орын – Үсен Еркен (Меркі ауданы)

ІІІ орын – Жолдас Ерасыл (Т. Рысқұлов ауданы)

Чемпионат нәтижесінде үздік шыққан спортшылар енді Жамбыл облысы атынан Қазақстан Республикасының чемпионатында бақ сынайтын болады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар