«Аурудан қорғану керек». Таразда түрмедегі сотталушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 21 қараша, 2024
- 638
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің 58 мекемесінде сотталған азаматтар арасында АИТВ-ның алдын алуға арналған кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шара Мекеме бастығының орынбасары Айбек Ниязымбетов пен облыстық АИТВ орталығының мамандарының қатысуымен өтті.
Кездесу барысында АИТВ-ның таралу жолдары, аурудан қорғану тәсілдері, сондай-ақ қоғамда қалыптасқан қате түсініктерді жою тақырыптары қамтылды. Қатысушыларға тақырыпты түсіндіру үшін арнайы фильм көрсетіліп, өз сұрақтарын қою мүмкіндігі берілді.
Айбек Ниязымбетов осындай шаралардың маңыздылығын атап өтіп:
«Сотталғандар арасында АИТВ-ның алдын алу – қоғамның жалпы денсаулығын сақтауға бағытталған қадам. Мұндай кездесулер ақпарат беру арқылы олардың жауапкершілігін арттырады» деді.
Облыстық АИТВ орталығының мамандары ақпараттық жұмыс сотталған азаматтар арасында қорғану мәдениетін қалыптастыруға көмектесетінін айтты.
Бұл шара тек ақпарат берумен шектелмей, сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеуге бағытталған. Алдағы уақытта осы тектес кездесулер басқа мекемелерде де ұйымдастырылады деп жоспарлануда.