жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 8:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бердібек Сапарбаев Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымымен кездесті

Бердібек Сапарбаев Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымымен кездесті
ашық дереккөзі
Бердібек Сапарбаев Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымымен кездесті

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Лаззат Рамазановамен және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимовамен кездесті.

Бердібек Сапарбаев отбасылық және гендерлік саясат мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

1998 жылы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаев құрған Комиссия елдегі отбасы мен әйелдердің мүдделерін қорғай отыра мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасын байланыстырушы жетекші болды. Облыс әкімі комиссияның отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды сақтауға бағытталған көп жұмыс атқарып жатқандығын тілге тиек етті.

Басқосу барысында нәзік жандылардың облыстың қоғамдық-саяси өміріне араласуы, мемлекеттік органдардағы әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін сақтау мәселелері де талқыланды. Облыс әкімі әйелдер қауымының біраз өкілі Мәжіліс пен Мәслихаттар депутаттарын сайлауға саяси партиялардың атынан қатысқанын айтты. Жамбылдық кәсіпкерлер арасында ерлерге қарағанда әйелдер көп. Ал басшылық лауазымдарда нәзік жандылардың көрсеткіші тек 16 пайызды құрайды. Мемлекеттік  қызмет пен  әділет органдарында жұмыс істейтін қыз-келіншектердің үлесі 40 пайыздан асады.

– Тәрбие отбасыдан басталады. Бұл мәселеде әйелдер қауымына үлкен жүк артылған. Таразда дәстүрлі отбасылық құндылықтарды барынша кеңірек насихаттау мақсатында жақын арада «Анаға тағзым» орталығы ашылмақ, – деді аймақ басшысы.

Лаззат Рамазанова өңіріміздегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен және белсенділерімен бірнеше кездесу өткізетінін жеткізді. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды сақтауға және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған заңнамалық нормаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар қаралады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар