жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздағы өрт: 5 адам құтқарылып, 25- і эвакуацияланды

Тараздағы өрт: 5 адам  құтқарылып, 25- і эвакуацияланды
ашық дереккөзі
Тараздағы өрт: 5 адам құтқарылып, 25- і эвакуацияланды
Тараз қаласында болған өрттен бес адам құтқарылды. 19 сағат 41 минутта Тараз қаласында 9 шағынаудандағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабаттағы пәтердің бірі өртенген. Жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілер төртінші қабаттағы пәтерден үш иінді саты көмегімен 5 адамды құтқарды. Олардың ішінде төртеуі бала. Сондай-ақ баспалдақ арқылы 25 адам, оның ішінде он бала қауіпсіз орынға көшірілді. Өрт 20 сағат 5 минутта ауыздықталып, 20 сағат 7 минутта жойылған. Жедел жәрдем бригадасы өрт оқиғасы орнынан 6 адамды емдеу мекемесіне жеткізді. Олардың ішінде екі адам күйік алып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Олар - 1949 және 1979 жылдары туған азаматтар. Ал өзгелері медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға Жамбыл облысы ТЖ департаментінен 30 өрт сөндіруші мен 7 техника жұмылдырылды.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар