сәрсенбі, 30 қазан, 2024 5:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына жаңашылдық қажет

Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына жаңашылдық қажет
ашық дереккөзі
Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына жаңашылдық қажет

Облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес отырысы өтті. басқосу барысында азаматтық қоғамның әріптестік жүйесін нығайтуға, үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі мен біліктілігін арттырып, базасын күшейту мәселелері талқыланды.

Ең алдымен сөз алған облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Ермек Бықыбаев өңірдегі үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесе атқарынған шаруаларды жіпке тізіп атап өтті.

– 2018 жылы Тараз қаласы мен барлық аудандарда қала мен аудандық бюджеттерден бөлінген 48,3 миллион теңгеге 1203 мүмкіндігі шектеулі азаматқа инватакси қызметі ұсынылса, 2020 жылға облыстық, Тараз қаласы мен аудандық бюджеттер тарапынан 2323 мүмкіндігі шектеулі жанға инватакси қызметін көрсетуге 106,3 миллион теңге бөлініп, ол 2 есеге артып отыр. Сонымен қатар соңғы жылдары мемлекетті әлеуметтік тапсырыс негізінде мүмкіндігі шектеулі азаматтармен құрылған үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыстар жүргізу үрдіске айналды. Мәселен үкіметтік емес ұйымдар тарапынан 2020 жылы 1700 мүгедек пен қарттарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі мен сапасын жақсарту мақсатында аталған қызметтерді ұсынатын мекемелердің желісін дамыту бойынша жұмыстар да өз деңгейінде жүргізілуде. Атап айтқанда, соңғы үш жылдың ішінде Жамбыл ауданы Аса ауылында 30 орындық, Шу ауданындағы Төле би ауылында 25 орындық және Қордай ауданы Қордай ауылында орналасқан 25 орындық мүгедек балаларды оңалту орталықтары мен Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында 20 орындық балаларға арналған және 15 орындық қарттарға арналған шағын үй ашылып, қызмет көрсетуде. бүгінгі күнге 1428 бала аталған қызметтермен қамтылған. арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің нәтижесінде 24 бала жалпы ортақ мектепке, 1 бала балабақшаға, 34 бала арнайы мектепке, 9 бала колледжге барды,-дейді басқарма басшысы.

Ержан Жұматұлы өз кезегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс есебінде бір жылда 1 миллиард теңге бөлінгенін, оның 85 пайызы басқармаға қарасты екенін ерекше атап өтіп, осыншалық қомақты қаражаттың қандай игілікке жұмсалғаны жөнінде халыққа қолжетімді ақпарат ұсынуды және 2011 жылдан бері әлеуметтік жобалардың тақырыптары өзгермей, таптаурын болғанын ескертіп, оларды жаңашылдықпен толықтырып, жұмысты жүйелеуді тапсырды. Бұдан әрі онлайн байланыс арқылы Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов баяндама жасады. Айтуынша қазір ауданда 12 үкіметтік емес ұйым бар. Олардың тек 4-і ғана белсенді жұмыс жасайды екен. Олардың жұмысы дін, этносаралық қатынастар мәселелеріне жұмылдырылыпты. Алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселесін де қарастыратынын айтты. Дегенмен Ержан жұматұлы аудан халқының 32,1 пайызы әлеуметтік сауалнама барысында жұмыссыздық мәселесін көтергенін жеткізіп, үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндігін барынша пайдалануды тапсырды. Ал 28 үкіметтік емес ұйымы бар Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Ернұр Маратұлы 21 ұйыммен белсенді жұмыс атқарылып жатқанын айтса, отызға жуық үкіметтік емес ұйымының тек 3-4 ғана жұмыс жасап отырған Меркі ауданы әкімінің жаңадан тағайындалған орынбасары Берік Бегалиев 13 қарт пен 81 мүмкіндігі шектеулі азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілгенін, алдағы уақытта жұмыстың жүйеленетінін жеткізді. Ержан Жұматұлы жылда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жеңіп алатын тараздық 3-4 үкіметтік емес ұйымды емес, сол аудандардағы жергілікті үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасап, оларға қолдау білдіруді, тақырыптарды жаңалап, заманауи өзгерістермен толықтыруды, үкіметтік емес ұйымдардың біліктілігін арттырып, базасын күшейтуді тапсырды. Түсіндіру жұмыстарымен айналысумен ғана шектеле бермей, нақты әрі нәтижелі жұмыстарға мән беру қажет екенін ескертті. Осы ретте бір үкіметтік емес ұйым өзіне қатысы жоқ бірнеше тапсырыстарға араласып, жұмыс сапасына сын келтіретіні де айтылды. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Парида Мамедова баяндама жасап, 4 мыңнан астам көпшілік сауалнамасы нәтижесінде анықталған әлеуметтік мәселелерді ортаға салды. Мәселен халықтың сенімсіздігі бұрнағы жылдардың көрсеткіштерімен салыстырғанда азайғанымен, әлі күнге құқық қорғау, яғни полиция қызметіне бұқараның сенімсіздігі көш бастап тұрған сыңайлы. Ал халықты ең көп алаңдататын мәселелердің қатарында жалақы, жұмыссыздық, бағаның тұрақтылығы, көлік тасымалы қызметтерінің мәселелері аталды.

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар