дүйсенбі, 24 наурыз, 2025 2:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыстық кикбоксинг федерациясының президенті тағайындалды

Облыстық кикбоксинг федерациясының президенті тағайындалды
Сонымен вице-президенттердің де кім екені белгілі болды

Облыстық кикбоксинг федерациясының президенті болып полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев тағайындалды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов арнайы қызметтік куәлігін табыстап, жаңа қызметімен құттықтады. 

–Өңірімізде кикбоксинг спортының дамуына өз үлесін қосып жүрген жаттықтырушыларымыз жетерлік. Міне солардың біршамасы арамызда отыр. Ең әуелі мен сол кісілерге алғысымды білдіремін. Кикбоксинг спорты бойынша жамбылдық жампоздар жаһан аралап, жетістікке жетіп, жалауымызды желбіретіп жүр. Бұл біз үшін қуанышты жаңалық. Аталған спорт түрі облысымызда жыл өткен сайын қарқынды дамып, уақыт ағымымен бірге биік белестерді бағындыруда. Сол себепті федерация құру кикбоксинг спортының алға жылжуына жасалған маңызды қадам. Облыс әкімінің келісімімен, дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, федерация мүшелерінің шешімімен кикбоксинг федерациясының төрағасы ретінде Бақытжан Әсембекұлы тағайындалады,-деді облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов.

Қазіргі таңда облысымызда бұл спорт түрімен 1430-дан астам жасөспірім айналысып, олардың арасынан 30-дан аса спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған. Бұл жетістікке қол жеткізуде 25 білікті жаттықтырушы аянбай еңбек етуде.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар