дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 16:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қордайда былтыр бюджет қаражаты 99,9 пайызға игерілген

Қордайда былтыр бюджет қаражаты 99,9 пайызға игерілген
Сурет: jambylinfo.kz
Осылайша әкімдік 1,5 миллион теңгені үнемдеген

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг берген Қордай аудынының әкімі Бегзат Болатбеков ауданда атқарылған жұмыс пен алдағы жоспарларын айтты,деп хабарлайды jambylinfo.kz

Бегзат Болатбековтың айтуынша, Қордайда былтыр 51,2 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, 3 елді мекенде  жалпы 52,6 шақырым газ құбыры салынып, 2 520 тұрғын, 614 аула газбен қамтамасыз етілген. 

"Аудандағы 41 елді мекеннің 37-і газбен қамтылған немесе   83 пайызды құрап отыр. Қазіргі таңда 3 елді мекенге магистралды газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Қарасай, Еңбек ауылдары мамыр айының соңына дейін, ал Керу ауылы шілде айында аяқталады деген жоспар бар",- деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, аудандағы ұлттық жоба бойынша атқарылар шаруаны жіпке тізген Бегзат Болатбеков  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 65 азамат оқуын аяқтағанын айтты. Осы орайда жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алуға 95 азаматқа 140,3 миллион теңге бөлінді.  «Ауыл аманаты» жобасы да жемісті іске асып жатыр. 

«Ауыл аманаты» жобасы аясында 5 ауылдық округта  411 тұрғынға 2,3 млрд. теңге 2,5 пайызбен несие беру жоспарланған. Бүгінгі күнге 303 тұрғын жалпы 1,8 млрд теңге несиелерін алып, жұмыстарын бастады. Қалған 108 тұрғынның құжаттары тапсырылып, тиісті жұмыстар атқарылып отыр",- деді Бегзат Болатбеков.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар