жұма, 22 қараша, 2024 7:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында жоғалған жетпістен аса жасөспірім табылды

Жамбыл облысында жоғалған жетпістен аса жасөспірім табылды
Сурет: jambylinfo.kz
Жоғалғандардың жартысынан көбі қыз балалар екені анықталды

Жамбыл облысында жыл басынан бері полицейлер мен еріктілер облыс аумағында жоғалған жетпістен астам жасөспірімді тапқан. Бұл туралы Жамбыл облысының Полиция департаменті хабарлады, деп жазады jambylinfo.kz.  

Жыл басынан бері Жамбыл облысының полицейлері «Лидер KZ» еріктілерімен бірлесіп, жоғалған 77 жасөспірімді іздестіріп, олардың 68-ін сол күні тапты. Статистикалық мәліметке сүйене отырып, полицейлер балалар мен жасөспірімдердің өз бетінше кетуінің негізгі себептерін анықтады. Олар көбіне ата-аналарымен жанжалдасып, немесе олардан қорқып үйден қашады екен. Сонымен қатар, арасында қаңғыбастыққа салынған, еркелікпен және жауапсыздықпен осындай әрекетке баратындар кездеседі. Негізінен үйден мектепте оқитын балалар кетіп қалып жатады, ал колледж студенттерінде бұл жағдай сирек кездеседі. Кетіп қалатындардың 55 пайызы қыз балалар екені анықталып отыр. 

Бүгінде Жамбыл облысының полицейлерімен бірге 25-68 жас аралығындағы 50-ден астам ерікті адамдарды іздеуге көмектесіп жатыр.

"Менің тәжірибемде болған ерекше оқиға – ата-аналарымен ұрысып, үйден кетіп қалған 3 қызды тапқанымыз. Олардың бірі үйден қашып кеткен, себебі анасы оны кешке отырысқа жібермеген. Ал қыз болса, төсек жаймасын пайдаланып, үшінші қабаттың терезесінен шығып кеткен. Біз полицейлермен бірге қыздардың жалға алған пәтеріне бардық. Оларды пәтерден сыртқа шығару қиын болды. Әңгімелесуден кейін барлығы сәтті аяқталды. Тәртіп сақшыларының әрдайым жедел әрі жоспарлы түрде жұмыс істейтінін атап өткім келеді. Бұл бірлескен іздеу жұмыстарын айтарлықтай жеңілдетеді", – деді «Лидер KZ» еріктілер қозғалысының жетекшісі Наталья Афанасьева.

Осы кәмелетке толмағандардың өздерімен, ата-аналарымен және заңды өкілдерімен осындай деректерге жол бермеу бойынша профилактикалық әңгіме өткен.

"Балаларыңызға мұқият және мейірімді болыңыздар, олардың мәселелерін бірге шешіңіздер. Сонда балаларыңыздың үйден қашып кетуі екіталай. Егер бұндай жағдай болса, дереу полицияға баруыңыз керек. Өзіңізбен бірге баланың құжаттары мен фотосуреттері болуы қажет", – деді ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Әлішер Қалышев.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар