Жамбыл облысында 231 гектар жерге демонстрациялық алаң жасалады - облыс әкімінің орынбасары
- авторИндира Тәліпқызы
- 20 наурыз, 2024
- 1.1k
«Осыдан 2 жыл бұрын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде тұқым шаруашылығы кенже қалғанын сынға алған болатын. Себебі, тұқымға сыртқа тәуелділігіміз 90-95 пайыз құрап отыр. Осыған орай ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар дайындалды. Осы кешенді жоспар аясында ауыл шаруашлығы министрлігіне қарасты тұқым шаруашылығымен айналысатын ұйымдар, институттар, лобараториялардың барлық метариалдық-техникалық жағдайын жаңарту, сонымен қатар жаңа селекцияларды шығару жоспарланып отыр»,-деді облыс әкімінің орынбасары.
Әбілхайыр Тамабектің айтуынша бізде тұқымдардың гендік базасы аз. Оның үстіне, тұқым 5 жыл сайын жаңарып отыруы тиіс. Сол себепті, біз әлемдік тұқым шаруашылығымен айналысатын алпауыт компаниялармен бірге біздің ғалымдарды байланыстырып жұмыс істеуіміз керек.
"Жамбыл облысы, Жамбыл ауданына қарасты Бесағаш ауылында 231 гектар жерге демонстрациялық алаң жасап жатырмыз. Кеше Түркия елінен келген делегаттарды сол алаңға апардық. Түрік бауырларымыз сол 231 гектар жерге 5 жылға 100-ден аса тұқым түрлерін бізге тегін беретін болды. Атап айтқанда, сәбіз, картоп, қант қызылшасы, арпа, бидай, сондай-ақ, жылыжайларға арналған қияр, қызанақ, ас бұршағы т.б. егістік тұқымдарын осында аудандастырамыз. Соның негізінде өзіміз жаңа тұқым аламыз", - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Тараз қаласында өтіп жатқан форумға Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрлері, Түркия, Қырғызстан вице-министрлері, ТМҰ Бас хатшысы, Венгрияның Алматы қаласындағы бас консулы, сондай-ақ Қытай, Нидерланд, Ресей және 70-ден астам компанияларының өкілдері қатысып жатыр. Жиын қорытындысына сәйкес, стратегиялық келісімдер қабылданады деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024