Мемлекет басшысының халықпен тиімді кері байланыс орнату туралы тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімінің орынбасарлары, Тараз қаласы мен аудандардың әкімдері «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде тікелей эфирлерге шығуда.
Тұрғындарды көптеп тарту мақсатында әлеуметтік желілерде тікелей эфир өтетін күнді, уақытты және аккаунттарды көрсете отырып, хаюарландыру-анонстар алдын-ала орналастырылады. Сондай-ақ, анонстарда тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарын жинауға арналған электрондық мекенжайлары көрсетілген. Былай айтқанда, енді қабылдауға жазылып, кезек күтудің немесе әртүрлі орындарға шағым жолдаудың қажеті жоқ. Тікелей эфир барысында тұрғындар көкейдегі сауалдарын жолдап, бірінші басшысының өзінен жауап ала алады. Әкімдердің тікелей эфирлері апта сайын өтеді.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев атап өткендей, пандемияға байланысты халықтың қатысуымен жиындар мен кездесулер ұйымдастыруға тыйым салынған бүгінгідей жағдайда мұндай онлайн-қабылдаулар мен тікелей эфирдің маңыздылығын айтпасақ та түсінікті.
«Барлық деңгейдегі әкімдердің облыс тұрғындарымен өзара байланысының қарапайым және тиімді тетігі болуы керек. «Әкім сағаты» - бұл ақпараттың қолжетімділігі мен қалалар мен ауыл тұрғындарының мәселелерін нақты шешудің ұтымды әдісі», - деді аймақ басшысы.
Айталық, бірер күн бұрын облыс әкімінің ауыл шаруашылық саласына жетекшілік ететін орынбасары Берік Нығмашевтың тікелей эфирі өтті. Агроөнеркәсіптік кешеннің жай-күйі мен оны дамытудың алдағы жоспарлары туралы қысқаша баяндаған шенеунік көптеген сұрақтарға жауап берді. Онда тұрғындар жеке тұрғын үй салу үшін жер бөлу, суармалы судың жағдайы, ауыл тұрғындарының табысын жақсарту бойынша пилоттық жобаның жүзеге асырылуы, шаруа қожалықтарды ірілендіру және басқа да аспектілерге алаңдаушылық білдірді.
Мұндай кездесулер азаматтардың проблемаларынан хабардар болып қана қоймай, оларды шешудің тиімді тетіктерін қарастыру, соған сәйкес, мемлекеттік органдардың тиісті жоспарларына жедел түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында әкімдер тікелей эфирде тұрғындардың сұрақтарына жауап беруде
- авторjambylinfo.kz
- 7 тамыз, 2020
- 287
Жамбыл облысында әкімдер тікелей эфирде тұрғындардың сұрақтарына жауап беруде
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала