Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысындағы коронавирустың ағымдағы жағдайы туралы
- авторjambylinfo.kz
- 7 тамыз, 2020
- 308
Жамбыл облысындағы коронавирустың ағымдағы жағдайы туралы
Ағымдағы жылдың 5 тамызындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 40 жағдайы тіркелді, оның 14-і симптомдық, 26-ы симптомсыз.
Атап айтсақ, Тараз қаласында 37-70 жас аралығындағы тұрғындар арасында 6, Қордай ауданында 23-80 жас аралығындағы тұрғындар арасында 6, Меркі ауданында 1947, 1966 жылдары тұрғындар арасында 2 сиптомдық жағдай анықталды. Барлық симптомдық тасымалдаушылар инфекциялық және правизорлық стационарларда ем алуда.
Олармен байланыста болған тұлғалар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекциялық шаралар жүргізілді.
Сондай-ақ, өткен тәулік ішінде Қордай ауданында 17 симптомсыз жағдай расталды. Науқастардың ең кішісі – бір жаста, ең үлкені - 63 жаста. Бұдан бөлек симптомсыз коронавирус Тараз қаласының 5 тұрғынынан, Шу ауданының 3 және Мойынқұм ауданының 1 тұрғынынан табылды. Олардың барлығы үй карантиніне алынды.
Жалпы, ағымдағы жыылдың 5 тамызындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 3764 жағдайы тіркелсе, барлығы 3074 науқас емделіп шықты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз