сенбі, 23 қараша, 2024 4:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шектеу шаралары «шынжырлау» емес

Шектеу шаралары «шынжырлау» емес
ашық дереккөзі
Шектеу шаралары «шынжырлау» емес

Пандемия әлем елдерін әбігерге салғаны жасырын емес. Коронавирус індеті өңір жұртшылығына да оңай соқпады. Осыған орай облыстық бас санитарлық дәрігерінің қаулысы шығып, апта басынан шектеу шаралары тағы күшейтілді. Міне, осы талап пен шектеулер жайлы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Салтанат Әлібаева әлеуметтік желі парақшаларындағы тікелей эфирде жан-жақты түсіндірді.

Оның сөзіне сүйенсек, қазан айының 19-ына дейін облыста коронавирус індетін жұқтырған 30 және пневмониямен ауырған 9 адам тіркеліпті. Науқастардың дені Тараз қаласы мен 7 ауданда анықталған. Мұндағы ендігі мақсат – шекараны шегендеп, ПТР талдамасы жоқтарды облысқа кіргізбеу. Дәл осындай вирус жұқтырмағанын растайтын құжаты жоқ 220 адам шекарадан кері қайтарылған екен. Жалпы Салтанат Әлібаева тікелей эфир барысында ұзын сонар баяндама жасағаннан гөрі тұрғындардың сұрақтарына жауап беруге тырысты. Бұқараның дені 19 қазаннан бастап түнгі сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін көшеде жүру шектелгеніне қатысты сауалдарын лек-легімен жолдады. Бас санитарлық дәрігер мұндай шектеу түнгі мезгілде жасөспірімдердің көптеп көшеде жүретіндігіне және жабық ғимаратта адамдар 2-3 сағаттан артық отырмауына қатысты қабылданғанын айтты. Келесі кезекте көпшілік демалыс күндері қоғамдық көліктердің қатынамай жатқанына қынжылыс білдірді. Бұған қатысты Салтанат Әлібаева қоғамдық көліктердің демалыс күндердегі қозғалысына шектеу қоймағандарын алға тартып, бұл мәселемен Тараз қаласы әкімдігіне қайырылу қажеттігін жеткізді. Бұдан бөлек тұрғындар тарапынан мал базарының жұмысы, монша, шаштараз сынды қоғамдық қызмет түрлеріне және бетпердені қай жерлерде тағып жүру талаптарына қатысты көптеген сауалдар қойылды. Бас санитарлық дәрігер барлық сауалдарға тұшымды жауап беріп, егер карантиндік шараларды халық қатаң сақтайтын болса, мұндай шектеудің де кезең-кезеңімен алынатынын айтты. Яғни жұртшылық шектеу шараларын «шынжырлау» деп түсінбеуі керек. Бұл ең бірінші бұқараның өз денсаулығы үшін қолға алынып жатқан дүние.

 

Саян Тілеужан

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар