жұма, 27 желтоқсан, 2024 9:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жалғызбасты ана баспаналы болды

Жалғызбасты ана баспаналы болды
ашық дереккөзі
Жалғызбасты ана баспаналы болды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастама­сы­мен биыл қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Соның арқасында жуырда жуалылық тағы бір отбасы баспанаға ие болды.

Қоныстой Жуалы ауданының Ынтымақ ауылында өтті. Жоба аясында пайдалануға берілген үйдің кілті салтанатты түрде ауыл тұрғыны, жалғызбасты ана Тұрсынкүл Пернебаеваға табыс етілді. 33 жастағы ана қазір екі баласын өзі өсіріп келеді. Әзірге жұмыссыз жүр екен. Ынтымақ ауылының тұрғынына үй салу туралы шешімді жергілікті әкімдік, мәслихат депутаттары мен ауыл ақсақалдары ақылдаса келе шешкен. Бұл шешімді ауыл тұрғындары қолдап, шаруа қожалық жетекшілері, ауылдағы мекеме ұжымдары, Шақпақата және Ынтымақ ауылдарына ауызсу жүйесін жүргізіп жатқан мердігерлер «Ақмешіт-Мелиоратор» және «Байсын-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері үлес қосып, 1 миллион 200 мың теңгеге үй сатып алып, жөндеп берген. Жалпы аймақта «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша барлығы 123 үйдің кілтін табыс ету жоспарланған. Бүгінге дейін 12 үй пайдалануға берілді. Қалған 111 үй жыл соңына дейін кезең-кезеңімен пайдалануға берілмек.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар