жексенбі, 29 желтоқсан, 2024 9:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда кеңірдек қатерлі ісігіне жаңа әдіспен алғаш рет ота жасалды

Жамбылда кеңірдек қатерлі ісігіне жаңа әдіспен алғаш рет ота жасалды
ашық дереккөзі
Жамбылда кеңірдек қатерлі ісігіне жаңа әдіспен алғаш рет ота жасалды
Осыған дейін кеңірдек қатерлі ісігіне шалдыққан науқастар Алматы қаласындағы Қазақ Республикалық ғылыми-зерттеу институты онкология және радиология медициналық орталығына жіберілетін немесе көп жағдайда науқастар өз еріктерімен Қырғызстан Республикасына барып емделуге кететін. Сондықтан, осыдан 5-6 жыл бұрын сол кездегі Жамбыл облыстық онкологиялық ауруханасының бас дәрігері Абай Нұржанов дәрігерлерін жан-жаққа жіберіп, оқытып, біліктіліктерін арттыруға ықпал жасап келе жатқан еді. Ұзақ уақыттық тәжірибе алмасу, шеберлік сыныптарынан өту деңгейлерінен өткен облыстық аурухана дәрігерлері бүгінгі күнге дейін кеңірдек ісігіне жылына 70-тен астам операциялар жасалуда. 2014-жылдан бері барлығы 600-ге жуық ота сәтті өтіпті. Бұрын кеңірдек қуысы ашылып, Коникотомия, яғни тыныс жолын сақина тәрізді шеміршектің жоғарғы бөлімін қалқанша шеміршектің шетімен байланыстыратын сүйір байламды тіліп жіберу арқылы ашатын. Осы тілік арқылы іші қуыс түтік өткізілетін. Бірақ, мұндай әдістен соң науқас өздінен тамақ іше алмай, мұрын арқылы асқазанға қойылған зонт арқылы тамақтанатын. Облыстық көп бейінді ауруханасына түскен 73 жастағы Тараз қаласының тұрғынына алғаш жасалған отаның ерекшелігі - кеңірдекті ашпай, бұрынғыдай жасанды тыныс алу тесігін жасамай, жабық түрде, сыртынан, көмейдің  эндоларингеальді лазерлік резекциясы жасалды. Облыстық көп бейінді ауруханасына дер кезінде медициналық көмекке жүгінбей, дертін асқындырып жіберген науқас обтурациялык дем жетіспеу диагнозымен тұншығып, ауа жетпей, өлім алдындағы жағдайда келіп түскен. Науқасқа жедел түрде, алғаш рет жоғарғы мамандандырылған медициналық технологиямен  ота жасалынбаса, құтқарып қалу мүмкін емес еді. Тез арада, шұғыл түрде, әрі сәтті жасалынған операциядан соң пациент өз еркімен еркін, жеңіл тыныс алуға көше бастады. Тамақты да түтікше арқылы емес, өз кеңірдегінен өткізуде. Бүгінде пациент палатаға ауыстырылды. Білікті дәрігерлердің өзіне екінші өмір сыйлағанына қария батасын беріп, ризашылығын білдіруде. "2014 жылдан бастап кеңірдек қатерлі ісігіне ота жасап келемін. Алматы қаласындағы онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында тәжірибелік дағдыдан өтіп, өз облысымызда сол жақтан үйренгенімді енгізе бастадым. Бұл әдісті алғаш пайдаландым және өте сәтті шыққанына қуаныштымын",-дейді дәрігер-хирург, жоғары санатты онколог Жандос Сейдахметов.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар